Еуроодақ пен Қазақстанның арасында ДСҰ-ға қосылудың аясындағы қызмет көрсетулер нарығына қол жетімділік бойынша келіссөз аяқталды
14.10.11 15:55 (просмотров: 1)
АСТАНА. 14 қазан. knews.kz - Брюссельде, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы бойынша келіссөз үдерісінің аясында, Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы қызмет көрсетулер нарығына қолжетімділік бойынша екіжақты келіссөздің аяқталуы туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі ҚР Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министрлігіне сілтеме жасап.
Хаттамаға Қазақстан жағынан - экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, Еуроодақ тарапынан - Еуропалық одақтың сауда-саттық жөніндегі комиссары Питер Балиш қол қойды.
«Келіссөз барысында тараптар мұнай-газ өндірісі саласында, телекоммуникация, құрылыс, қаржы және тағы басқа қызмет көрсетулердің түрі бойынша инвестициялық климатты жақсартуға негізделген келісімдерге қол жеткізді»,- делінген ведомство ақпарында.
27 елдің басын біріктіріп отырған Еуропалық Одақтың Қазақстанның негізгі сауда серіктесі екенін айта кету керек. 2010 жылы Еуроодақ елдерінен Қазақстанға ағылған тікелей инвестиция 11 млрд долларды құрады. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында елдердің арасындағы тауар айналымы 28 миллиардтан доллардан асты.