Главная Новости Экономика

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 638 өтініш қаржыландыруға мақұлданды

14.10.11 16:58 (просмотров: 1)
АСТАНА. 14 қазан. knews.kz - Бүгін Павлодарда  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушылардың республикалық форумында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов баяндама жасады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетов өз сөзінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының үш бағыты бойынша 205,2 млрд. теңгеге бағаланған 638 өтініш қаржыландыруға мақұлданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол бағдарламаны одан әрі дамыту үшін жалпылай қолдаудан басымдылық пен сапаға өтуді ұсынды.

Үкімет «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы аясында орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау негізінде Қазақстанда дайындалмайтын техникалық мамандықтар бойынша білікті жұмыс кадрын шетелде дайындау үшін гранттар беру мәселесін көтеруде. Сондай-ақ, Жаңа технологиялар және индустрия министрлігі бағыты бойынша инновациялық гранттарды алған және оны әрі қарай жекешелендіретін жобалар бойынша инвестициялық топтама түрінде қолдау көрсетілуі қарастырылады.

Тағы бір жайт - бизнес-бастамаларды қолдаудан бірлескен мәселелерді шешуге өту. Бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында нақты мәселелерді жүзеге асыру барысында мемлекет және бизнес әріптестігін кеңейтуді көздейді. Министр Қ.Келімбетов мемлекет және ірі-басымдықты кәсіпорындардың бірлескен әріптестік бағдарламаларының іске асырылуын ұсынды.

Сұрақ-жауап

Айрықша көрініс ті
ықтимал порталы?



Білім
Саясат
Экономика

нәтижесі

жоғары