СҚО ІІД қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық ойын ұйымдастырды
АСТАНА. 14 қазан. knews.kz – СҚО Ішкі істер департаментінің оқыту орталығы қызметкерлері «20 игі іс» аясында мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық ойын ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Таратылған хабарламада атап өтілгендей, оған Петропавлдың 42 және 21 мектептерінің оқушылары қатысты.
Оқушылардың басты міндеті түрлі тапсырмалардан сүрінбей өтіп жалауға бірінші жету болды. Ойын 3 сағатқа жалғасты.
Ойын қорытындысы бойынша, 21 мектеп жеңіске жетті. Олар теледидар жеңіп алды.


