ҚР СІМ және елшілік АҚШ қаза тапқан Қазақстандық азаматтың өлімін анықтауда
28.04.11 14:40 (просмотров: )
АСТАНА. 28 сәуір. Knews.kz – Сыртқы істер Министрлігі Қазақстандық азамат Кирилл Денякин 23 сәуір күні АҚШ Вирджиния штатында полиция қызметкерінің қолынан қаза тапқан туралы ақпаратты растау үшін және анықтау үшін сол елдегі Қазақстан елшілігі арқылы АҚШ мемлекеттік Департаментіне және полиция Департаментіне хабарласып, қайғылы оқиғаның мән жайын білуде деп хабарлайды СІМ ақпарат-қызметі.
Қазіргі уақытта Портсмут қаласының полиция Департаменті қылмысты іштей тексеруде. Және не себепті әріптесі мұндай қадамға барғанын анықтау үстінде.
Қазақстанның СІМ мен Вашингтондағы елшілік қазір қайғылы оқиғаны жіті бақылауға алуда.Сол елдегі елші Е.Идірісов АҚШ мемлекеттік Депаттаментіне болған жағдайға байланысты қатаң түрде тексеру жүргізіп заңға сай нәтиже шығаруын талап етуде. Сондай ақ елші материалдық компенцация өтелу керектігін де айтты.
Денякиннің анасы 27 сәуір күні АҚШ аттанды, баласының мәйітін отанына алып келу үшін. Елшілік онымен байланысқа шығып, барлық жағдайды жасауда. Және елшілік мәйтті алып қайту үшін материалдық шығынын да өз мойындарына алуда.
Денякин өмірде жуас, ешкімге жаманшылығы жоқ, кішіпейіл адам болатын. «Ренессанс»қонақ үйінде жұмыс жасап жүрген жерлесіміздің қаза тапқанына әріптестері қайғыруда, ол туралы әріптестері тек жақсы жағынан еске алуда.
Қайғылы оқиға СІИ және елшіліктің жіті назарында, және анық-қанығына жету үшін де барын салуда көрінеді.



28.04.2011